Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазақта бағзы заманнан бері уақытты өкшелеп келе жатқан қос бірдей дау бар. Оның бірі жесір дауы болса, екіншісі – жер дауы. Алғашқысы бүгінде өз өзектілігін жоғалтса, екіншісі керісінше қайта тұтанып келе жатқандай.
Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан кейбір елдімекендерде жайылымдық жерлер жетіспейді. Ал бірқатар шаруа қожалықтар шамадан тыс жер аумағын иемденіп, оны мақсатты түрде пайдалануға қауқарсыз. Осы олқылықтың әсерінен бүгінде аудан аумағында 8 бірдей ыстық карта түзілген. Бұл туралы өткен аптаның жұмасында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен алқа мәжілісінде жан-жақты айтылды. Айта кетейік, аталмыш жиынға аудан басшысы Ернар Есіркепов бастаған әкімдік қызметкерлері, мекеме және бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен аудандық мәслихаттың хатшысы Ербол Әбутәліпов қатысты.
Жиында жерге қатысты өзекті мәселелер мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы жайында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Досмұханбет Жанәділов оябы бөлек баяндама жасады. Бөлім басшысы өз баяндамасында конкурсқа түскен және мемлекетке қайтарылуы керек жерлер жайында кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды жіпке тізді.
Алқа мәжілісінде өзге де мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жауапты мамандарға хаттамалық тапсырмалар беріліп, басты мәселелер назарға алынды.
Жәнібек СҰЛТАН.