Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
108 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен несие шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы дау медиация арқылы шешілді.
«Позитив Securities» Коллекторлық агенттігі» ЖШС жауапкер М.дан несие қарызын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Жауапкер М. ЖШС-не 1 662 824 теңге қарыз болған.
Талап қоюшы сотта талабын толығымен қанағаттандыруды сұрады.
Судья дауды бейбіт жолмен шешудің нақты артықшылықтарын түсіндіргеннен кейін, дауға қатысушылар екі тарапқа да қолайлы медиациялық келісім жасалды. Соттың ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді.
Жауапкер ЖШС алдындағы қарызын өтеу кестесіне оның банктік шотына аудару арқылы бөліп төлеуге міндеттелді.
Талап қоюшыға 49867 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж қайтарылды. Азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
«Құлан таңы» ақпарат.