Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы талқыланды

353 Views

Өткен аптада медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері жөнінде Құлан ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мұрзақасымов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары Ғайни Аймағанбетова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бұрханов, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раушан Жұманқұлова және ауылдық округ мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиын соңында Хамит Саттарқұлұлы мен Ғайни Төленқызы азаматтарды денсаулық жағдайларына байланысты жеке мәселелерімен қабылдады. Сонымен қатар Ақбұлақ ауылында да дәл осындай жиын өтіп, ауыл тұрғындарына медициналық консультативтік кеңес берілді.

 

Поделиться ссылкой: