Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті

455 Views

Өткен аптада аудан аумағында «Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Іс-шараға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің, газ шаруашылығының, санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың, жедел жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, аудандық орталық аурухана және электр желілерін тарату мекемелерінің шұғыл әрекет ету топтары қызметкерлері қатысып, төтенше жағдайлар желісі бойынша шұғыл әрекет ету іс-қимылдары тексерілді. Оқу-жаттығуға барлығы 32 техника, 93 адам жұмылдырылды. Аталмыш оқу-жаттығуды аудан әкімі Ернар Серікәліұлы бақылап, өз бағасын берді.

Отанға қызмет ету – ортақ парыз

Жақында аудан әкімі Ернар Есіркепов Луговой әскери гарнизонындағы жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне қатысты.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жас сарбаздарға Отан, ата-ана алдындағы үмітті ақтап, әскери Антқа адал, сертке берік болып, туған елімізге, қастерлі халқымызға адал қызмет етуге тілектестігін жеткізді.
Айта кетейік, биылдан бастап 03811 әскери бөлімінде жалпы 60 сарбаз мерзімді әскери борышын өтейтін болады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: