Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Қоян жылы біршама сала қызметкерлері үшін олжалы болары анық. Оған басты себеп – 2023 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекет бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңге болуы. Әрбір жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы тағайындау барысында осы жайтты мықтап ескергені жөн. Бұл бастама негізінде 1,8 млн-ға жуық қызметкерлердің ақшалай табысы артады.
Алғашқылардың бірі болып, медицина қызметкерлерінің табысы артады. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, медбикелердің жалақысы 20 пайызға дейін өсетінін хабарлады.
«Дәрігердің орташа жалақысын 531 мың теңгеге, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 249 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр», – деп толықтырды министрліктің баспасөз өкілдері.
Сонымен қатар, 2023 жылдың алғашқы айынан бастап мектептер мен колледж педагогтерінің, балабақша қызметкерлерінің және қосымша білім беру жүйесі мамандарының айлық табысы 25 пайызға артады. Онымен қоса, біліктілік санаты бойынша жалақы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Магистр дәрежесі бар педагогтерге, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу бойынша, сыныпқа жетекшілігі үшін қосымша төлемдер жасалатыны туралы да атап көрсетілді.
Жалақысы өсетін тағы бір сала – ішкі істер саласы. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап лауазымдық жалақылар өседі. Атап айтар болсақ:
− орталық аппарат инспекторлары 23 пайызға;
− аудандық деңгейде 21 пайызға;
− аймақтық деңгейде 18 пайызға;
− кіші басшы құрам 19 пайызға;
− патрульдік полиция қызметкерлері 10 пайызға;
− жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақы мөлшері 33 пайызға дейін артады.
ТЖМ баспасаөз қызметі 2023 жылы Үкіметтің қаулысы бойынша еңбекақы төлеу жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болатынын айта келіп, онда жалақының өсуі лауазымдар санатына байланысты 10-70 пайыздан басталатынын айтты.
2023 жылы әскери сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын орта есеппен 60 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай жәрдемақысы азаматтық медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін артпақ. Жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысы – азаматтық оқыту орындары оқытушыларының жалақысы деңгейіне дейін өсетіні хабарланды.
2023 жыл студенттер үшін де табысты болмақ. Себебі, университет студенттері үшін 20 пайызға, магистранттар мен доктаранттарға арналған шәкіртақы 15 пайызға өседі.
Балжан Жеңіс.