Еселі еңбек еленді

350 Views

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Айтматов академиясының, ҚР Журналистика академиясының академигі, жерлесіміз Өмірхан Әбдиманұлы гуманитарлық саланы дамытуға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, Өмірхан Әбдиманұлына бұл марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің өзі табыс етті.
Өмірхан Әбдиманұлы алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны туралы көп зерттеген ғалым. Оның талдамалық әрі зерттеу мақалалары республикалық басылымдарда ұдайы жарық көріп жүр. Өткен жылы аудандық «Құлан таңы» газетінде де ғалымның «Ахаңның асыл жары» деген публицистикалық мақаласы жарық көргенін білесіздер. Оқырман бұл мақаланы сүйсіне оқыды. Осы мақала жарық көрген соң, редакцияның электронды поштасына көптеген жылы лебіздерге толы хаттар келді. Біз алдағы уақытта да ғалыммен байланысты үзбей, алаш арыстары туралы жазған талдамалық мақалаларын жариялауға мүдделіміз. Сондықтан «Құлан таңын» үзбей оқыңыз, алдияр оқырман!
Ал біз өз кезегімізде ел мүддесі жолында қара бастың емес, ұлт қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынұлы туралы құлаш-құлаш мақалалар жазып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге зор үлес қосқан Өмірхан Әбдиманұлын айтулы марапатымен құттықтаймыз.

«Құлантаңдықтар».

Поделиться ссылкой: