Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Құқық қорғау саласы аса ауыр әрі жауапкершілікті талап ететін қызметтің түрі. Қылмыстың алдын алу, біреудің мүлкіне көз қиығымен қызыға қарағандарды жөнге келтіру, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүре отырып, әп-сәтте оңай олжаға кенелгісі келетіндерді құрықтау – қиынның қиыны.
Дегенмен, сол қиындықтарға қарамастан, дәл қазір ауданда аталмыш мазасыз мамандықпен 90-ға жуық қызметкер айналысады. Ал кезінде аты аталған салада өзіндік із қалдырып, ісін мүлтіксіз атқарып, бүгінде зейнет демалысында жүрген сексенге жуық саптан шыққан сарбаз бар. Солардың бірі – Еділхан Жақсығұлов.
Еділхан Бегалыұлы бүгінде аудандық полиция бөлімі Ардагерлер ұйымының төрағасы. Ол кісімен біз құқық қорғау қызметкерлерінің төл мерекесінде міндетті түрде кездесіп тұрамыз. Білесіз бе? Еділхан Жақсығұлов сол жиындарда сала ардагерлеріне сый-сияпатын аямай, үйіп-төгіп жатады. Кезінде қызметін үздік атқарған жандардың кеудесіне төсбелгі тағып, мақтау қағаздарын үлестіреді. Бұл нені білдіреді? Бұл – Еділхан ағамыздың өз замандастарына немқұрайлы қарамайтындығын, керісінше қолдан келгенше құрмет көрсетуге асығатынын анық аңғартады.
Қазақта «Сыйға сый, сыраға бал» деген сөз бар. Өз замандастарын, әріптестерін ұдайы назарда ұстап, марапатпен «көметін» Еділхан Бегалыұлы жуырда өзі де ұлықталды. Нақтырақ айтатын болсақ, жақында ол облыстың «Құрметті ардагері» деген атаққа лайық деп танылды. Аталмыш марапатты облыстық мәслихаттың хатшысы Махметқали Сарыбеков пен облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев табыс етті.
Жерлесімізді жеткен жетістігімен, алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жәнібек Базылбек.