Дау медиация тәртібімен аяқталды

295 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен қарызды өндіріп алу туралы дау шешілді. Талап қоюшы Д. жауапкер К.дан қарызын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Жауапкер К. талап қоюшы Д-ға 90 000 теңге қарыз болған. Талап қоюшы сотта талабын толығымен қанағаттандыруды сұрады.
Судья, дауды бейбіт жолмен ше­шудің нақты артықшы­лықтарын түсіндіргеннен кейін, дауға қаты­су­­шылар екі тарапқа да қолайлы медиациялық келісім жасады. Соттың ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді. Жауапкер талап қоюшы­ның алдындағы қарызын 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін екі бөліп төлеуге міндеттелді. Талап қоюшыға 990 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж қайтарылды. Азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: