Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Жаңа жыл алдында ауданымыздың кәсіпкерлері бірігіп, «Аққойлы» қайырымдылық қоғамдық қорын құрған болатын. Осы қайырымдылық қорының құрылтайшылары құрамында «Абай» ауылының ұжымдық жетекшісі Берік Қарақойшиев, зейнеткер кәсіпкер Жиекбай Өскенбаев, жеке кәсіпкер Жабай Оспановтар Луговой ауылының тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тұрғындардың отбасыларына жақсы тілектерін айтып, жағдайы төмен азаматтарға азық-түлік жеткізіп, басқа да сый-сияпаттарын жасап, ата-аналардың, зейнеткер ардагерлердің алғыстарын алды. Дүкендерде үздіксіз өсіп, қымбаттап жатқан азық-түлік бағасының ауыл тұрғындарына жағымсыз әсерін тигізбей қоймайтыны рас. Қайырымды кәсіпкерлердің бастамасындай қағаз жүзінде емес, нақты іс-шараларымен ел алғысына бөлену – әрбір азаматтың мақсаты болу керек.
Күмісбек АЛШАБАЕВ,
Луговой ауылының тұрғыны.