1500000 теңге: дау бітімгершілік тәртібімен шешілді

307 Views

«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ Тұрар Рысқұлов аудандық сотына жауапкер С.-ға қатысты 1 657 791,84 теңге көлеміндегі қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінген болатын.

Азаматтық істі қараған судья қос тарапқа да медиа­ция институтының және бітімгершілік келісімнің артықшылықтарын түсіндіріп, дауды (жанжалды) бейбіт жолмен шешуді ұсынды.
Сотты тыңдап, тараптар өзара келісімге келді. Талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартты. Нәтижесінде жауапкер 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың сәуіріне дейін ай сайын 100 000 теңге, 2024 жылдың мамыр айында 37 791 теңге 84 тиын төлеуге, жалпы 1 537 791 теңге 84 тиын қарыз сомасын толығымен өтеуге міндеттелді. Іс соңында тараптар бітімгершілік келісім жасап, бекіту үшін оны сотқа ұсынды. Соттың ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: