Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Бокстан Тайландтың астанасы – Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгі бұрымдылар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Дана Дидай 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Дана Дидай қазіргі таңда үздік боксшылардың бірі. Ол – ақиқат. Өзі қатысқан жарыстардың барлығында жерлесіміз жүлделі болып жүр. Тайландтағы Азия чемпионаты бұл сөзімізге дәлел. Көптеген халықаралық жарыстарды былай қойғанның өзінде, Дана Дидайдың «жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері» деген дардай атағы бар. Дана туралы қайбір жылы «Соққысы жойқын жас талант» деп мақала да жазғанбыз. Дана Дидай Абай ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы Абай атындағы орта мектептің түлегі. Жалпы, алдағы уақытта Дана Дидайдан сұхбат алып, оқырманға ұсынсақ деген ойымыз бар. Дананың талантты, еңбекқор спортшы екенін білеміз. «Instagram» әлеуметтік желісінде жас спортшының «стористарын» ылғи көріп, бақылап отырамыз. Жүлделі болған сәтте жерлесіміз «Қола – қолда, алтын – жолда» деп жазды өзінің «Instagram» парақшасында.
Азия чемпионатынан қола жүлде еншілеген жерлесімізді құттықтаймыз. Сәттілік серік болса, ол алтынды да олжалайды. Біз оған сенеміз.
М.Диханбай.