Ағаш көшеттері отырғызылды
49 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта, ол – отбасы. Отбасы – белгілі бір дәстүрлердің, жанға жағымды өнегелердің, асыл мұралар мен қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрдің сақтаушысы. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасы – кішкене мемлекет. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Ұл туса, елдің қорғаны, қыз туса, елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі ата-ананың бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты.
Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Халқымыз әкені асқар тауға балаған. Ешқашан алдын кесіп өтпеген. «Жұмақ – ананың аяғының астында» деп анасын сыйлаған. «Бала – бауыр етің» деп ұрпағына айрықша қамқорлықпен қараған.
Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар – біздің қарттығымыз, жаман тәрбие – болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші, кең байтақ елімізде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.
Л.БАЙТЛЕНОВА,
аудандық соттың судьясы.