Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
120 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Кәсіптік аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіптік аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы да басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шаруашылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін.
Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіптік ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық шараларды іске асыру – кәсіптік аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіптік ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6-12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіптік ауруларға шалдыққандар әлеуметтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.
Ж.ДІДАЕВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.