23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Т.Рысқұлов аудандық кітапханасының ұжымы поэзия жаттау және оқуды насихаттау мақсатында 15-45 жас аралығындағы оқырмандарды «Жүректің сөзі – өлең» атты шығармашылық ортаға қатысуға шақырады. Біздің мақсатымыз – жастарды көркем әдебиет оқуға баулу және қазақ, әлем ақын-жазушыларының шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау. Заман талабына сай әлеуметтік желі мен кітапханаларда әдеби, мәдени орта құрып, қазақ руханиятын көтеру. Біз поэзияға қызығатын әрбір оқырманды кітапханамызда күтеміз. Ал, қатысушылар алдын-ала өз авторлық өлеңдерімен өзге де автордың поэзиясын оқитын болса, тақырыптарын айтып ұйымдастырушыларға жолдауын сұранамыз. Біз бұл ортаға жаңа оқырмандарды да асыға күтеміз және қуана қарсы аламыз. «Жүректің сөзі – өлең» атты шығармашылық ортаға қосылып, Т.Рысқұлов аудандық кітапханасындағы мәңгі есте қаларлық кештің қатысушысы болыңыз! Кеш еркін форматта өтеді.
Құлан ауылы, Жібек жолы №84, Т.Рысқұлов аудандық кітапханасы, «Коворкинг» орталығы.