Луговойда атқарылған ілкімді Іс көп

387 Views

Мемлекеттің стратегиясын дамытудағы басты бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Бүгінде бұл бастама Луговой ауылындағы көптеген мәселеге қозғау салып, тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр. Ауылымызда әкімдік пен тұрғындар арасында тұрақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылған бірнеше бағыттарды атасақ болады. Мәселен, ауылда орналасқан көшелердің тұрғындарына арнап, әлеуметтік желілерден түрлі чаттар ашылып, күнделікті туындаған ауыз судың жағдайы, газ, жарық т.б. мәселелерге жедел әрі тиімді жауап­тар берілуде. Ауыл әкімі Мұратбек Айтымбетұлы тоқсан сайын халық­пен кездесіп, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асуда. Әлеуметтік желідегі ауыл әкімінің жеке парақшасы мен әкімдіктің әлеуметтік парақшалары халықпен өзара әрекеттесуінің тағы бір бағы­тын көрсетеді.
2022 жылы әлеуметтік көмек сұрау, су, жол, көше жарығы, ит аулау мәселелері бойынша тұрғын­дар қайырылды. Барлық өтініш­терге қанағаттанарлық жауаптар бері­ліп, өз деңгейінде орындалды. Халықтың әлеу­меттік өтініштеріне сәйкес, жеке кәсіпкер С.Иманалиевтың және «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының» демеушілігімен 9 отбасына қысқы отын түсірілді. 2 отбасына желілік газ жүргізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргі­зіліп, тағы 4 отбасының өтініш­­тері қарастырылуда. Халықтың ұсы­ныс­тарына сәйкес, ауқымды жұмыс­тар атқарылды. 2 шағын ауданның жолдарына тротуар салынса, Қарасу көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталық сая­баққа жаңа үлгідегі балалар ойын ала­ңын және көше жаттығу орны (тренажор) орнатылып, халық игілігіне берілді.
Ауыл әкімінің халықпен тікелей өзара іс-қимылда болып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.
Ауыл әкімдігі алдағы уақытта да жүйелі жұмыстарды атқарып, өз құзыреті аясында халыққа қызмет көрсетуін жалғастыра бермек.

Балнұр Рахымжанова,
Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: