Улы газдан сақ болыңыздар!

422 Views

Көмірқышқыл газбен улану көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұның себебі, көмірқышқыл газы (көміртектің монооксиді) өте улы және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға өте ауыр зиянын тигізеді. Көмірқышқыл газдың иісі, дәмі болмаса да, ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан, топырақтан да кіріп кететін қасиетке ие.

Әдетте улану қауіпсіздік техника­сының ереже­лерін сақтамағандықтан болады.Уланудың басты себептері ол пешті дұрыс соқпау және пештің және газ­бен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы, көліктің қозғалтқышы қосулы болып, ауа алмаспайтын жабық жерде уақыт өткізуі, өрт, жеткілікті ауа айналымы жоқ газдалған мекеме болу т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген себептер, жеңіл улануға, тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіп­сіздік шараларын қолдану аса маңызды.
Мысалы: газды құрылғыларды өздігінен жөндемеу;
– Газдық құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын ара-арасында тексеріп отыру;
– Пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру;
– Қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау;
– Газды пешпен немесе тұмша пешпен (духовка) бөлмені жылытпау;
– Бір уақытта газды пештің барлық комфоркаларын қоспау;
– Пештің бүтін екенін қолданбастан бұрын тексеру;
– Жану бітпестен, пешті түні бойына қараусыз тастап кетпеу;
– Жабық көлік жайдың (гараж) ішінде, қозғалтқышы қосулы көлікті жөндемеу.
Адамды уланудан қорғау үшін және уланудан кейінгі зардаптарды азайту үшін тек уланудың алдын-алу жеткіліксіз. Сол себепті улану туралы ақпарат жүзеге асырылмаған жағдайда қажетті көмек көрсете білу қажет.
Көмірқышқыл газымен уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
Дәрігерге дейінгі көмек – уланған адамды газды бөлмеден шығару, ула­ғыш газды бөлмеден кетіру. Алғашқы көмек көрсетіп жатқан адам, өзі уланып қалудан сақтануы қажет.
Көмірқышқыл газы шоғырланған жерден зақымданған адамды алып, не болмаса көтеріп шығару керек. Бұл алғашқы көмек көрсетердегі өте маңызды іс. Уланған адам қандай жағдайда болмасын тез арада жедел жәрдем шақырту қажет.
Жеңіл деңгейде уланған адамға қант қосып, қою шай беру керек. Жылынып біраз демалуы уланған адамға көмегін тигізеді. Естен танып жатқан адамды тегіс жерге қырымен жатқызып, жағасын, белбеуін шешіп, таза ауаға дем алдыру қажет.
Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып, мұрнынан 1 см алшақ ұстап иіскету керек. Жүрегі тоқтап немесе жүрек қағысы әлсіз адамды қолдан дем алдырып, кеудесін, жүрек тұсын уқалау керек.
Жоғарыда көрсетілген амалдарды жасап біткен соң, жедел жәрдемнің келгенін күту қажет.
Құрметті Т.Рысқұлов ауданының тұрғын­дары, сіздерден қауіпсіздік ереже­лерін сақтауларыңызды сұрана­мыз!

Асылбек Кеңесқұлов,
аудандық ТЖБ-нен тәжірибе өтуші,
М.Ғабдуллин атындағы академиясының 4-курс курсанты.

Поделиться ссылкой: