Дау медиация тәртібімен шешілді

292 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының азаматтық іс құжаттарына сай, талап қоюшы А.-ның жауапкерлер Т. мен Д-ға материалдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.
Судья істі сот қарау барысында келген тараптарға татуласуға құқылы екендіктерін және дауды татуласу рәсімдерімен шешуге болатынын түсіндірді. Нәтижесінде қос тарап медиатордың қатысуымен өтетін медиация тәртібін таңдады.
Сот отырысында жауапкерлер 2023 жылдың 20 наурызына дейін 200 000 теңге көлемінде материалдық шығынды талап қоюшыға төлеуге міндеттелді. Ал талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартатыны жөнінде бітімгершілік келісімге келді.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: