Оспанов Байболат Байғонысұлы
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
1959 жылы қазан айының 15 жұлдызында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (Луговой) ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1979-1984 жылдары Алматы Зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы, 2005 жылы Орта Азия университетін «Қаржы және несие мамандығы» бойынша бітірген.
1984-1985 жылдары ауданымыздың Жамбыл атындағы колхозында мал дәрігері, 1985-1987 жылдары Ақыртөбе кәсіптік-техникалық училищесінде комсомол комитетінің хатшысы, 1989-1992 жылдары Луговой аудандық тұтынушылар одағында дайындаушы, 1992-2010 жылдары әр түрлі жеке кәсіпорындардың басшысы болды. 2010-2013 жылдары ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринарлық кадағалау және бақылау комитетінің «Республикалық эпизоотияға карсы отряд» РММ-нің Жамбыл облысы филиалының басшысы, 2013-2018 жылдары осы мекеменің Алматы филиалының басшысы, 2018-2022 жылдары осы филиалдың (бас маман) мал дәрігері, 2023 жылдан бастап ҚР Ауылшаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподақтар бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Отбасылы. Бір ұл, бір қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Тереңөзек және Қайыңды ауылдық округтері құрамына кіретін № 1 сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде өзімнің сайлауалды БАҒДАРЛАМАМДЫ Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Мен депутат болып сайланатын болсам, округтегі әрбір ауыл тұрғындарымен қоян-қолтық араласып, олардың тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына, кездескен кез келген мәселенің дұрыс, заң аясында шешілуіне үлес қосуды өзімнің борышым әрі парызым деп есептеймін. Ең алдымен ауылдың гүлденуі үшін жылда бөлінетін бюджет көлемін арттыруға және әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлық сынды іс-әрекеттермен күресуді өзімнің басты мақсатым деп есептеймін.
1. Ауылдық округтердегі Мемлекеттік сатып алудың заңдылығын бақылау.
2. Ауылдардағы жолдардың жөнделу барысында сапалылығын қадағалау, сапасыз құрылыстың алдын алу бойынша шаралар өткізу.
3. Ауылдық округтердегі медицина қызметкерлері мен педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
4. Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету. Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама аясындағы жеңілдіктерді пайдалана отырып, кәсіптерінің дамуына атсалысу. Бюрократиялық кедергілерді жоюға көмектесу (жер алуға жәрдемдесу және т.б.)
5. Медициналық қызмет көрсету мен білім сапасын бақылау.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу.
7. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрі құқық бұзушылықтардың алдын алу.
8. Өңірдегі дарынды жастарға қолдау көрсету.
9. Ауылдық округтерге жаңа мектептер мен спорттық кешендердің салынуына ықпал жасау.
10. Ауылды жердегі ауыз су мәселесі, көгілдір отынмен қамтамасыз ету және көшелердегі жарық мәселесінің оң шешім табуына қолымнан келгенше атсалысамын.
11. Әр сала бойынша білікті де білімді жас мамандарды ауылға тарта отырып, оларға жағдай жасау тікелей міндетім деп білемін.
Алдағы уақытта депутат болып сайланар болсам, осы жағдайларға жіті назар аударатын боламын. Сайлауалды бағдарламаммен қосымша танысу үшін әлеуметтік желідегі жарияланымдарымды қарауыңызға болады. «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде «Байболат Оспанов» атаулы парақшам бар. «Фейсбук» әлеуметтік желісінде де белсендімін. Онда да «Байболат Оспанов» атаулы парақшам бар. Егер де депутат болып сайланар болсам, сайлаушылардың мүдделерін барынша қолдай алатынымды және жиған тәжірибемді алға тарта отырып, халықтың аманатын орындауға бар күш жігерімді салатын боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Менің кандидатурамды қолдап дауыс берсеңіздер, мен өзімнің білімімді, өмірлік тәжірибемді халық игілігіне жұмсауға Сіздерді сендіремін.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.