Мамандығым – мақтанышым

474 Views

Жуырда №2 шағын орталықты орта мектебінде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес және «Жомарт түлек» жобасын іске асыру аясында түрлі салада қызмет атқарып жүрген мектеп түлектерімен кездесу кеші өтті. Айта кетейік, аталмыш іс-шара кәсіптік бағдар беруші Д.Оңғарбаеваның ұйымдастыруымен «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал» тақырыбында өткізілді. Кездесуге бір топ мектеп түлектері келіп қатысты. Олардың қатарында аудандық полиция бөлімінің кәмелеттік істер жөніндегі аға инспекторы Досмұхаммед Жанасов, аудандық Төтенше жағдай бөлімі және өрт қауіпсіздігінің қызметкері Мадияр Төрегелдиев, Луговой ауылында орналасқан әскери гарнизонның қызметкері Жасұлан Кенжебай, ауыл кітапханасының кітапханашысы Гүлжамал Жарқынбаева, мектеп мұғалімі Гүлпара Акуалова, медицина саласының маманы Шарапат Қозғанбаева қатысты. Кеш барысында қатысушылар әр мамандықтың маңыздылығы жайында және өздерінің жүріп өткен еңбек жолы туралы сөз қозғап, мектеп оқушыларының түрлі сауалдарына жауап берді.
Кездесу кешінің соңы мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлнар ҚОРАЛАСБАЕВА,
№2 шағын орталықты орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: