Көктемгі дала жұмыстары басталды

188 Views

Күні кеше ауданымызда көктемгі дала жұмыстары бастау алды. Аудан аумағында алғашқы болып «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і және
«Береке» шаруа қожалығының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Осылайша олар көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүзеге асырып, мол өнім алуға ниетті.

Жалпы ауданда көктемдегі дала жұмыстарын жүргізу барысында егіндік алқаптың 57 100 га жаздық арпа, 1500 га жаз­дық бидай, 15 400 га мақсары, 800 га күн­бағыс, 550 га қант қызылшасы, 320 га дәндік жүгері, 700 га картоп, 800 га көк­өніс, 230 га бақша өнімдері, 5 га таңқурай және құлпынай дақылдары, 9200 га жоңышқа (оның ішінде: 3500 га жаңадан) себіліп, 8035 гектар пар айдалынатын болады. Осылайша аудан­дағы барлық 146 140 гектар егістік алқап толық игеріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, аталмыш көктемгі дала жұмыстарына 3575 тонна кепілден­дірілген жанармай бөлініп, шаруаларға тиімді бағада беріледі. Сондай-ақ, дала жұмыстарына 455 трактор, 162 соқа, 171 дән сепкіш, 17 тұқым дәрілегіш, 1660 дана басқа да қо­салқы агрегаттар қатысатын бола­ды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: