Шоқ тілді Шона
16 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Өткен аптаның бейсенбісінде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құмарық және Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың наурызында жарыққа шыққан №826 Жарлығының аясында ұйымдастырылған болатын. Айта кетейік, аталмыш кездесу аудандық прокуратура мен аудандық полиция бөлімінің және жауапты сала басшыларының қатысуымен өтті.
Кездесуде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өткен жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстарды тізбектеп берді. Сондай-ақ, аудан әкімі үстіміздегі жылға жоспарланған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, толыққанды мәліметтер берді.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтар болсақ, тұрғындар көше жолының және жайылымның жоқтығын айтып, аталмыш қажеттіліктерді реттеп беруді өтінді. Жиын барысында қозғалған мәселелерге заң аясында жауап беріліп, іс-шаралар жоспарына енгізілді. Ернар Серікәліұлы қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер өз деңгейінде жүргізілетінін жеткізді.
Кездесу соңында аудан басшысы және аудан прокуроры ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.