Мерекелік құттықтау

487 Views

Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер қауымы – ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы.
Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезден бастап әйелдердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін орындауда берік ұстанымын көрсетіп келеді. Сол себептен де ананы ардақтау, ана мен баланы қорғау, отбасының саламаттылығын сақтау сияқты мызғымас дәстүрлі құндылықтарымыз өз мәнін жоғалтқан жоқ. Бүгінгі күні отбасылық және гендерлік саясат – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады.
«Алып анадан туады» дейді дана халқымыз. Еліміздің және ауданымыздың атын асқақтатып жүрген оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге бола білген алтын құрсақты аналар да жетерлік. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету – қай ұрпақтың да перзенттік парызы, мәртебелі міндеті болып қала бермек. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған ақ жаулықты аналарымызға қашанда бас иеміз.
Бүгінде қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Қоғамның барлық салаларында қажырлы еңбек етіп, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің асқаралы шыңына көтерілген, ауданымыздың дамуы мен өркендеу жолында жігері мен қайратын аямаған нәзік жанды замандастарымыз да аз емес. Бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатты, экономикалық және әлеуметтік ахуалдарды жақсартуда ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бүкіл халқымыздың мақтанышы.
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!
Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесінде Сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!
Ана қуанышы, әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Әрдайым шат-шадыман күй кешіп, бақ-берекелеріңіз арта берсін!
Көктем мерекесі құтты болсын!

Аудан әкімі Ернар Есіркепов.

Поделиться ссылкой: