Құлманов Аятілда Әмірбекұлы

278 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

ӨМІРБАЯНЫ

Құлманов Аятілдә Әмірбекұлы 1989 жылдың 29 желтоқсанында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2019 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2014 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» КММ-нің Көкдөнен ауылдық округі бойынша жастармен жұмыс ұйымдастырушысы болып бастаған. 2014-2015 жылдар аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» КММ-нің Көкдөнен ауылдық округі бойынша маман-инструкторы болып қызмет етті. 2015-2020 жылдар аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорт әдіскері болса, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Көкдөнен ауылдық округінде аула клуб жетекшісі болып еңбек етіп келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Егерде маған сайлаушылар сенім артып, қолдау көрсетіп жатса, мен үлкен жауапкершілікпен Луговой және Жалпақсаз ауылдарындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге атсалысқан болар едім.
Оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жас кәсіпкерлердің жеңілдікпен несие алуына, жастармен нәтижелі жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортпен шұғылдануға, спорт зал мен спорт кешенінің барынша жұмыс істеуіне ықпал етер едім.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді мәдени іс-шараларға көптеп тарту, түрлі үйірмелерге қатыстыра отырып, олардың рухани байлығын арттыру да менің басты мақсатым болып табылады.
Құрметті сайлаушылар!
Мен №11 сайлау округіне қарасты елді мекендердегі сайлаушылармен үнемі тығыз байланыста болып, олардың күнделікті тыныс-тіршілігіндегі күрделі мәселелерді шешуге барынша атсалысамын. Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын көтеру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту менің депутаттық жұмысымның негізін құрайтын болады.
Құрметті жерлестер! Менің саяси додаға түсудегі басты мақсатым – жерлестеріме жайлы жағдай жасау. Меніңше, жастардың саясатқа араласатын уақыты келді. Сондықтан да осы бәсекеге қатысуға бел будым. Мен егер де депутат болып мандатқа ие болсам, мінбенің биігінде жастарға қатысты мәселелерді ұдайы көтеретін боламын. Соның бірі – спорт. Біздің ауданнан көптеген мықты спортшылар шыққан. Әлі шығып жатыр. Менде спортпен айналысамын. Спортшылардың жанайқайын мен секілді спортшыдан артық кім түсінсін?
Таңдауыңыздан жаңылмаңыз, сайлаушы! Алдағы саяси науқанда Сіздерді дұрыс әрі батыл қадам жасауға шақырамын.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: