ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
57 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, тиісті салалар мен олардың құралдарын көктемгі кезеңге дайындау, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында «Көктем – 2023» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы өткізілді.
Аталған оқу-жаттығу аясында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы жауапты сала мамандарының және ауданның шұғыл әрекет ету жасағының материалдық жабдықталуын тексеріп, өзіндік бағасын берді. Содан соң шұғыл әрекет ету жасағы практикалық түрде тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарына белсенді қатысты. Яғни, шараға қатысушылар Құлан ауылының оңтүстік-батыс аумағында су тасқыны орын алған жағдайда орындалатын жаттығуларды пысықтады.
Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 77 адам, 21 арнайы техника жұмылдырылды.
«Құлан таңы» ақпарат.