413 Views
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
ӨМІРБАЯНЫ
Арыстанбеков Қанатбек Дәкенұлы 1969 жылдың 27 маусымында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Биолог-эколог» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 1994 жылы Абай ауылындағы Абай орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1996-2004 жылдары бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. 2003-2006 жылдары Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012-2022 жылдары «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек еткен. 2022-2023 жылдары «AMANAT» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының атқарушы хатшысы, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, «AMANAT» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы қызметін атқаруда. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болған. 1999 жылдан бастап «Нұр Отан», қазіргі «AMANAT» партиясының мүшесі.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер! Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде алға қойылған міндеттер толығымен орындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам:
VII шақырылым депутаты ретінде 60 қоғамдық қабылдау өткіздім. 45 тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, оң шешімін тапты. Елді мекендерді газдандыру бойынша Қорағаты, Каменка, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қазақ, Жаңатұрмыс ауылдарына көгілдір отын жеткізу бойынша біршама жұмыстар атқардым. Құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарға тұрақты түрде партиялық рейдтер ұйымдастырып, жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстадым. Сондай-ақ, Луговой ауылында іргесі қаланған денешынықтыру және спорт кешені құрылысының сапалы және уақытылы аяқталуын басты назарда ұстап, қоғамдық бақылау жүргіздік.
Партияның аудандық филиалы жанынан құрылған «Өңірлерді дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде кеңес отырыстарын жиі өткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жергілікті атқарушы орган басшылары мен мекеме, бөлім басшыларының есептерін тыңдап, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың тұрғындарға қолжетімділігін жан-жақты таразылап отырдық. Одан бөлек Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде Жол картасындағы көрсетілген көрсеткіштердің орындалуын қадағалап отырдым.
Құрметті сайлаушылар! Мен елімізде жалпыхалықтық сенімге ие болған «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына №8 сайлау округі бойынша сайлауға түсіп отырмын. Бұл шешім үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін жақсы түсінемін. Сондықтан да алдағы уақытта өмірлік тәжірибемді және біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда төмендегідей жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отырмын.
1.Ауданың әрбір тұрғынның мәселесіне жете көңіл бөліп, шешілуіне ықпал етемін.
2. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сондықтан оны да өзімнің өзекті мәселелерімнің бірі ретінде қабылдап, бақылауда ұстаймын.
3. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлемін.
4. Құлан ауылынан оқушылар сарайы және саз мектебіне жаңа ғимараттар салынуына ықпал етемін.
5. Аудандық орталық ауруханаға қосымша емхана ғимарат салу жұмыстарының жүргізілуіне ұсыныс беремін.
6. Құлан ауылында орналасқан көшелердің жарықтандырылуы, тозығы жеткен көше жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.
7. Құлан ауылының өзекті мәселелерінің біріне айналған арық-атыздарды (лоток) жөндеуге, қажет жағдайда жаңадан жүргізуге барынша үлесімді қосамын.
Құрметті сайлаушылар! «AMANAT» партиясы бүгінде мемлекеттік және ұлттық саясатты белсенді түрде жүргізіп отыр. Атқарылған жұмыстардың барлығы Жаңа Қазақстанды кұру жолындағы және мемлекетіміздің дамуына бағытталғаны сөзсіз. Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Ендеше мен осы жолда аянбай еңбек етуге әзірмін.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
Поделиться ссылкой: