Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Анаға тағзым» орталығында түрлі салада өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзік жанды кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және көпбалалы аналармен кездесті.
Аймақ басшысы әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
– Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Өйткені, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Бүгінде аяулы аруларымыз өмірдің барлық саласында еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр.
Кез келген тұлға ананың ақ сүті, мейірімі мен махаббатының арқасында өсіп, қалыптасады. Бүгінде өңірімізде 43 мыңнан астам көпбалалы ана болса, оның 5 мыңға жуығы «Алтын алқа» алқасының, 12 мыңға жуығы «Күміс алқа» алқасының иегері.Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға шуақты күндер, бақытты сәттер тілеймін, – дей келе Нұржан Нұржігітов ізгі лебізін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған әйелдер қауымы да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлықтарға деген ризашылығын жеткізді. Олар өз жетістіктерімен бөлісіп, жергілікті атқарушы органдардың көпбалалы отбасыларға көрсетіп жатқан көмегі үшін алғыстарын айтты.
Жиынға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту, ұрпақтар арасындағы сабақтастық, неке мен отбасы институтын қорғау және нығайту мәселелеріне тоқталды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.