Арулар — асыл жандар

472 Views

7 наурызда, яғни сейсенбі күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде дәл осындай тақырыппен салтанатты шара өтті. Мерекелік шара шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп, ашып берді.

– Құрметті ақ жаулықты аналар, ай мүсінді арулар, қадірлі қыз-келін­шектер! Сіздерді 8 наурыз – Халық­аралық әйелдер мерекесімен шын жүрек­тен құттықтаймын. Біз сіздерді әрқашан құрметтейміз. Жүздеріңізден шуақ кетпесін. Дендеріңізге саулық, отбасы­ларыңызға амандық, бақыт тілеймін. Мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын – дей келіп, бір топ әйел азаматшаларға наградалар табыс етті. Мәселен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 Жарлығымен Марал Әмірханова мен Анар Жүнісоваға «Алтын алқа» алқасы, ал, Жәмилә Аманжолова, Гүлзира Асқарова, Гүлназ Сербаева, Гуля Ерімбетоваға «Күміс алқа» алқасы табыс етілді. Аудандық ана­лар кеңесінің төрайымы Түзел Ала­гөзова мен экономика саласының арда­­гері Нұрхан Иманғазиеваға об­лыс әкімінің «Құрмет» грамотасы, орыс этно-мәдени бірлестігі мен «Суда­рушка» халықтық-фольклорлық ансам­­блінің жетекшісі Любовь Левиц­кая, «Қазақстан темір жолы жүк тасы­малы» жауапкершілігі шектеулі серік­­тестігінің Жамбыл бөлімшесі «Түрксіб» стансасының кезекші опера­­торы Гүлсара Мырзатаеваға облыс әкімінің «Алғыс хаты» және аудан­дық прокуратураның прокуроры Лаура Аманшаева, «Қазақтелеком» акцио­нерлік қоғамы Тұрар Рысқұлов аудан­дық бөлімшесінің сату бөлімінің ма­маны Мәдина Кемелбекова, аудан­дық полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, поли­ция майоры Гүлжан Ақшабаева, ҚР Ұлттық қауіпсіздіқ комитеті Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің кіші қызмет­кері Бота Төлендібаева, № 5 шағын орталықты орта мектебінің мате­матика пәнінің мұғалімі Любовь Каве­рина аудан әкімінің алғыс хатымен мара­патталды.

Бұдан соң мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің арулары «Жайлауда» биін билесе, жас әнші Эльдар Төрегелді «Сұлуым», «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі ана туралы әндерден попурри, «Құлан саздары» квинтеті «Қазағымның қыздары-ай», Аружан Оразалы «Ты пришла весна», Абылай мен Әмина дуэті «Жеңешем», Рысбек Қадырқұлов пен Гүлнұр Әбдірахманова дуэті «Лунная мелодия», «Септет» ұстаздар ансамблі «16 қыз», Алинур және Аблулла Байрамуковтер дуэті «Мама», «Достар» триосы «Қызыл раушан», Күлімкөз Пірімқұлова мен Айша Жүнісова дуэті «Әйелдің бәрі әдемі» әндерін нақышына келтіре орындаса, «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі «Гүл сыйлайық әйелге» әнімен мерекелік іс-шараның түйінін қорытындылады.

Жолдасбектің Мараты.

Поделиться ссылкой: