Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма күндері жүзеге асырылып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және www.Elicense.kz, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталдар арқылы іске асырылады.
Жұмыс кестесі: жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тұрғындарға ыңғайлы жағдайда және қолжетімді болу үшін Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратында және ақпараттық цифрлық орталықта www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына ЭЦП арқылы немесе бір реттік құпия сан арқылы кіріп, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 2618 адамды қамтыған 5 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, басылымдарға мақалалар беріліп, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты.