Толыбаев Шарапидан Көлбайұлы

249 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

ӨМІРБАЯНЫ
Толыбаев Шарапидан Көлбайұлы 1967 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Шарапидан Көлбайұлы 1974 жылы К.Ворошилов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1983 жылы аталмыш білім беру ошағынан 8 сыныптық білім алып шығады. Дәл сол жылы Жамбыл зооветеринарлық техникумына оқуға түсіп, 1987 жылы «Ветеринария» мамандығын сәтті аяқтайды.
Еңбек жолын 1988 жылы «Агрополив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастап, аты аталған ұжымда 1999 жылға дейін қызмет еткен. Шарапидан Көлбайұлы 1999 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. «Көлбай» шаруа қожалығының басшысы.
Отбасылы. 1 ұл, 3 қызы бар.
2020 жылдан бастап, «Нұр Отан», қазіргі «АMANAT» партиясының мүшесі.

Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер!
Өздеріңізге белгілі, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың аудандық Жол карталарында жалпы 74 іс-шара белгіленген. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іс-шаралардың 69-ы(93%) орындалған, 4-еуінің (6%) орындалу мерзімі келмеген. 1-еуі (1%) орындалу сатысында тұр. Жол картасына сәйкес ауданымызда 2022 жылы 6000 гектар жер қайтару жоспарланып, 9814,7 жер қайтарылған. Осылайша көзделген меже 164 пайызға орындалып отыр. Жол картаға сәйкес, 2022 жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар: Құлан мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп және №2 шағын орталықты орта мектебі. Жақсылық және Жаңатұрмыс ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория соғылып, халықтың игілігіне берілді. Жыл сайын 735 жаңа жұмыс орнын ашу межеленсе, бүгінде 1199 жұмыс орындары құрылды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі 28 жас маманға берілді.
Жастардың бизнес-бастамаларын жүзеге асыру мақсатында 128 жасқа 400 АЕК көлемінде грант беріледі.
Құрметті сайлаушылар!
Мен «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына № 9 округінен сайлауға түсіп отырмын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұрпағымыз білімді болуы үшін тынбай еңбек етуге дайынмын. Егер мен аудандық мәслихат депутаты болған жағдайда төмендегідей жұмыстарды басты назарда ұстайтын боламын.
1. Құлан ауылындағы 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
2. Қарақат ауылында 150 орындық мектептің құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
3. Жастардың жұмыспен қамтылуына, жас ұрпақты салауатты өмір салтына, спортқа, өнерлі істерге бейімдеу шараларын жүзеге асыруға ықпал етемін.
Құрметті сайлаушылар!
МЕНІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМ – ПАРТИЯ АРТҚАН СЕНІМ МЕН САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҮМІТІН АҚТАУ. САЯСИ НАУҚАНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП, ӨЗ КАНДИДАТЫҢЫЗҒА ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: