Ақ халатты абзал жандарға айрықша алғыс
Мен – зейнеткермін. Сусамыр ауруына шалдыққаныма 23 жылдың жүзі болды. Әр үш ай сайын ауруханада ем аламын.
Меніңше, адам өмірін арашалау үшін сын сағатта аянып қалмайтын дәрігерлердің еңбегі адал. Осы орайда айта кеткім келетіні, адам жанына араша болатын ақ халатты абзал жандардың жалақысын көтеру мәселесін де құптаймын. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мырзалиев Шындос Кершайызұлына, бас дәрігердің орынбасары Жұманқұлова Раушан Көшербекқызына, бас дәрігердің емдеу жағынан орынбасары Айсұлтанова Айнұр Ермасаққызына, жүйке жүйесі аурулары бөлімінің меңгерушісі Сүлейменова Ляззат Ахмединқызына, емдеу бөлімінің меңгерушісі Сейдахметова Гүлнар Амангелдіқызына, хирургия бөлімінің меңгерушісі Рубилов Уәлихан Жұмабайұлына, аға медбикелер – Алкереева Алтынай, Өтепбергенова Гүлназ, мейірбикелер – Сарыбатырова Несібелі, Абдраимова Гүлмира, Сарманбаева Жұмакүл және де осы аурухананың асхана меңгерушісі Айнақұлова Ғалия Нұржақынқызына шексіз алғысымды білдіремін.
Жоғарыда аталған ақ халатты абзал жандардың дендеріне саулық, отбасыларына ынтымақ-береке, еңбектеріне толағай табыс тілеймін.
Базарбай ҚОЗҒАНБАЕВ,
Құлан ауылының тұрғыны.