Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
ӨМІРБАЯНЫ
Байсариев Қайрат Бейбітұлы 1982 жылы 20 шілдеде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Шолаққайыңды ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
1988 жылы Шолаққайыңды бастауыш мектебінің бірінші сыныбына барып, 1997 жылы Жамбыл орта мектебінде 9-сыныпты аяқтаған.
Қайрат Бейбітұлы 1997 жылдан бастап, 2014 жылға дейін жеке кәсіппен айналысқан. Ал 2018 жылы Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі таңда Т.Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Шолаққайыңды ауылдық клубында мәдени іс-шара ұйымдастырушы болып жұмыс атқарады.
Үйленген. Екі ұл, бір қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен, №1 сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер болып отырмын. Егерде аталмыш саяси додада Сіздердің сенімдеріңізге ие болып, мәртебелі мандатқа ие болатын болсам, төмендегі алға қойған мақсат-міндеттерді міндетті түрде орындайтын боламын.
1. Мен мәдениет саласының маманы болғандықтан, бастамаларымның басым бөлігі аталмыш сала бойынша іске асырылатын болады. Мәселен, ең алдымен мәдениет арқылы толеранттылық, азаматтылық пен патриотизмді күшейтуге, белсенді азаматтық ұстанымы бар заманауи адамды қалыптастыруға мүдделімін. Осы орайда еліміздің мемлекеттік тілі саналатын қазақ тілін дамытуға да басымдық беретін боламын. Қазақ тілін дамыту үшін жүйелі жоспар, ынталандыратын іс-шаралар, ал кейбір жағдайларда қазақ тілін қолдануды талап ететін баянды бастамалар жүзеге асырамын. Сондай-ақ, оқу, ғылыми және кәсіби әдебиеттердің, оның ішінде цифрлық форматтағы еңбектердің сапасын арттыруға барынша ықпал ететін боламын.
2. Қазақ халқының этно-мәдени қоржынында «Бірлік түбі – береке» деген тәмсіл бар. Шыны керек, мен аталмыш сөзді берік ұстанатын жандардың бірімін. Сондықтан да еліміздегі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті, жанжалсыз және үйлесімді өмір сүруіне барынша күш-жігерімді жұмсаймын.
3. Медициналық персоналдың, ең алдымен дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың тапшылығын жоюды қолға аламын. Ол үшін дәрігерлердің жалақысын көбейту, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ету жағын жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, халықты әлеуметтік жағынан қорғау жүйесін жетілдіру шараларын қолға аламын.
Олар:
1) Аз қамтылған және кедейлікке жақын болған адамдар мен отбасыларды әлеуметтік қорғау;
2) Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кәсіпкерлік тұрғыдан барынша қолдау көрсету;
3) Егде жастағы адамдардың лайықты өмір сүруіне, қоғамда белсенді болуына барынша жағдай жасау;
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі аспектілерінің бірі – қарттардың өмір сүру деңгейін жоғарылату. Меніңше, зейнет жасындағы жандар мұқтаждық пен материалдық жағдайды уайымдамай, әдемі қартаюы тиіс. Осы орайда қарттарды қолдау үшін келесі шараларды жүзеге асыруды ұсынамын.
1) Зейнет жастағы тұрғындарды еліміз бойынша жеңілдетілген тарифтермен саяхаттауына мүмкіндік беретін бағдарлама әзірлеу;
2) Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Ұрпақтар кездесуі» атты шарапаты мол іс-шараны қолға алу;
3) Қарттардың серуендеуіне және демалуына арналған сыртқы инфрақұрылымды жобалау;
4) Қарттарды емдеу мен оңалтудың кешенді жүйесін әзірлеу;
Құрметті сайлаушылар! Мен Сізді дұрыс әрі батыл таңдау жасауға шақырамын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.