Разаков Нұрғали Жұмағалиұлы
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
ӨМІРБАЯНЫ
Разаков Нұрғали Жұмағалиұлы 1994 жылы Өзбекстан Республикасы, Навои қаласында өмірге келген. 2001 жылы сол Навои қаласындағы «Дружба народа» атты мектепке барып, онда төртінші сыныпқа дейін оқыған. 2004 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Оның ішінде осы Тұрар Рысқұлов ауданына көшіп келіп, оқуын Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте жалғастырып, оны 2012 жылы бітірген. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Оқуын аяқтай салысымен-ақ, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханада қызмет етуде.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Егерде мен алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттарының құрамына енетін болсам, төменде көрсетілген мәселелерді міндетті түрде қолға алатын боламын.
1. Біздің аудан агросаласы дамыған өңірлердің бірі. Қарышты қадаммен алшаң басқан салада мәселелер жоқ емес, бар. Соның бірі – өнім өндіру. Иә, бізде арпа да, бидай да бар. Бірақ біз оларды тек бір мақсатта ғана қолданып келеміз. Көбіне мал азығы ретінде тұтынудамыз. Меніңше, бұл тенденцияны өзгертетін әрі жоятын кез келді. Біз алдағы уақытта өнім түрлерін жан-жақты өңдеуді арттырып, ауданда кіші зауыттарды көбейтуіміз керек. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдану – аса маңызды.
2. Тазалық табалдырықтан басталады. Бүгінгі таңда экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмауы қажет. Мен сайлауалды бағдарламамда ауылды көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары үнемі жүргізіліп тұруына баса назар аударатын боламын.
3. Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, олардың тұрмыс-тіршілігін бақылауда ұстауға тырысамын.
4. Медициналық қызметті қолжетімді ету. Меніңше ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру – аса маңызды. Және де ол еліміздің әрбір азаматына қолжетімді болуы тиіс. Қымбат дәрі-дәрмектерді мұқтаж жандарға кедергісіз әрі өз уақытында беру жүйесін қалыптастыру керек. Ардагерлерді өз қалауынша жылына бір рет емдеу мекемелерінде тексерістен өткізуді қолға алатын боламын.
5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда ауданымызда балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыруымыз керек. Ол үшін спорттық инфрақұрылымдарды дамытып, кестеге сәйкес спорт залдар мен кешендердің қолжетімділігін арттыруымыз керек. Сондай-ақ, жастармен жақын қарым-қатынас орнатып, үнемі жұмыс жүргізуіміз тиіс. Олардың маңызды мәселелеріне құлақ түріп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға жас мамандарды шақырып, оларға бос жұмыс орындарын ұсынуымыз тиіс.
Құрметті сайлаушылар! Еліміздің ертеңі, кемел келешегіміз бен жарқын болашағымыз үшін дауыс беруге шақырамын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.