Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Әбдікерім Дәурен Қайратұлы 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. Тараз инновациялық гуманитарлық – университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі. Малайзия мемлекетіндегі «ELC business» мектебінің түлегі. Қытай мемлекетіндегі Сиянь университетінде білімін жетілдірген. Төрт тілді еркін меңгерген, яғни ағылшын, қытай, орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді.
Еңбек жолын Жамбыл облыстық қаржы басқармасында мұрағатшы, хатшы қызметінен бастаған. «Ақжүрек» спортты қолдау қорының басшысы қызметін атқарған. «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутаты болған. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Т.Рысқұлов ауданындағы №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарады.
Отбасылы. 2 баласы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Қасиетті Құлан жерінен талай мықты спортшылар шыққан. Атын атап, түрін түстейтін болсақ, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов секілді Олимпиада ойындарында жүлде алған сақа спортшылар осы біздің ауданда дүниеге келген. Яғни, олар өздерінен кейінгі жас спортшыларға үлкен стимул қалыптастырды десем, артық айтқандығым емес. Сол себепті де мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда жас спортшыларға арналған мынадай пунктіні енгізіп отырмын.
Ең әуелі балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Менде кәсіби спортшы болдым. Сондықтан бұл бағытта қандай қарекеттер істеу қажеттігін жақсы білемін. Алдыңғы толқын ағалардың ізін қуып, чемпион болуға біздің балалар мен жасөспірімдерге толықтай жағдай жасалған. Тек аянбай тер төгу керек. Егерде өзім сайлауға түсіп отырған №9 округтен депутат болып жатсам, жас спортшыларға қолдау көрсетемін. Өйткені мен олардың жағдайын жақсы түсінемін.
Қазір қарап отырсақ, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көп. Алайда олар, яғни менің замандастарым «бизнесті бастап кету оңай емес» деп түсінеді. Бір жағынан оларды да жазғыра алмайсың. Көбісі мемлекеттік қолдаудың тетігін дұрыс пайдалана алмайды. Сондықтан жастарға берілетін қайтарымсыз гранттың көлемін ұлғайтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта қолымнан келгенше жұмыс атқаратын боламын. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін қаражат ашық түрде берілуі тиіс. Онда жемқорлық болмауы керек. Себебі жемқорлық жарға жығады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімділігін арттыру қажеттігі жайында ұдайы сөз қозғап келеді. Жергілікті атқарушы билік ел Президентінің межелеген жоспарын дер кезінде пысықтап, оны тұрғындарға дұрыс жағынан дәріптеу қажет. Депутаттық мандатқа ие болып жатсам, мен сөз еткен осы мәселелер бақылауда болады.
19 наурызда сайлауға келіп, белсенділік танытыңыз.
Дауысыңызды маған беріңіз!
Болашақ мына мен секілді іскер әрі білімге құштар жастардың қолында!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.