Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Сотқа құрметсіздік көрсету, яғни ол – процеске қатысушылардан сотта арнайы белгіленген тәртіп, ережелерді қатаң сақтау болып табылады. Сотта белгілі бір істі қарау барысында кедергі жасау, сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне құрметсіздік танытып, анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер білдіру, сот отырысының тәртібін бұзу деп танылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 653 бабында «Сотқа құрметсіздік білдіргені үшін айыппұл салу немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу» көзделген.
Сондай-ақ, судьяны және алқабиді қорлаудан көрінген іс-әрекет үшін Конституциямыздың 410-бабы 2-бөлігінің санкциясында «Екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза» көзделген.
Кез келген азамат сот процесіне қатыса отырып, өзіне ғана емес, сотқа және сот талқылауының басқа да қатысушыларына құрмет көрсетуге тиіс.
Егер ол судьяны қоса алғанда, өзге қатысушыларды да құрметтемеген жағдайда, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін екенін, сондай-ақ, осындай құрметсіздіктің кез келген көрінісі жалпы мемлекеттік билікке деген құрметсіздік деп танылатынын білуі тиіс.
С.Қалқабаев,
аудандық соттың судьясы.