Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы С.Узбеков, аудандық прокуратураның прокуроры Л.Аманшаева, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Нұрбек, жеке нотариустар Е.Байсеитов, Г.Топиева, Г.Рахимбаева, жеке сот орындаушылар С.Самыратбаева, А.Асан, заң кеңесінің адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева қатысты.
Төраға міндетін атқарушы С.Узбеков 2022 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойғанын, аталған Заң 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қолданысқа енгізілгенін, жалпы банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейтінін, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелерін түсіндірді.
Семинарға қатысушылар банкроттық саласындағы заңнаманың ең маңызды жаңалықтарына қатысты мәселелерді қарастырды.
«Құлан таңы» ақпарат.