Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
2011 жылдың 5-ші тамызында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы күшіне енді.
«Медиация» латын тілінен аударғанда «mеdiare», яғни бітімгершілік, тараптардың өзара тиімді шешімге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Ол үшінші бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түріне жатады. Үшінші тарап ретінде біз медиаторды айтамыз. Ол дау немесе сотта қаралатын іске дауласушы тараптардың белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі. Бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау барысын толығымен бақылайды.
Медиация – отбасы дауы, бизнес, ұжымдық, азаматтық, еңбек дауларында қолданылады.
Тараптардың бірі – мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайды.
Медиация адамның құқықтары мен бостандықтарына және өзіне деген құрметін арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік, өзге де қайшылықтарды, қақтығыстар мен дауларды сындарлы диалог арқылы шешуге бағытталған бірегей құрал.
Алайда, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының талаптарын сақтай отыра, медиация институтын сот процестерінде қолдану бүгінгі күнге тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр.
Істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі азаматтардың өзара бітімге келуі әлдеқайда тиімді. Себебі, ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқаруға себеп болатыны анық.
Ж.ҚҰлатаева,
аудандық соттың бас маманы.