Аудан тұрғындарына хабарлама !

357 Views

Аудандық полиция бөлімі наурыз айының 28-і мен 30-ы күндері аралығында аудан аумағында «Борышкер – 2023» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығы туралы хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жеке тұлғалардың өтемей жүрген автокөлік салығын және төленбей жүрген полиция бөлімімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, облыстық қазынаға түсуін арттыру. Осы бағытта аудан тұрғындарына салынған әкімшілік айыппұлдар мен көлік салығын уақтылы төлеу қажеттілігін және осыған байланысты заңдылықты түсіндіру.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: