Ауқымды акция

378 Views

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, қылмыстық ахуалды оңалту, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2023 жылдың наурыз айының 28-і мен 30-ы күні аралығында аудан аумағында «Тұрмыс» атты республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде.
«Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасының аясында «Қорғау нұсқамасы», «Ерекше талаптар», «Маскүнем», «Нашақор», «Қолайсыз отбасы», «Әкімшілік қадағалауда тұрған», «Заңнаманың қолданысына формальді түрде кіретіндер», «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» санаттары бойынша және қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексерумен барынша қамту көзделген. Әкімшілік аумақтардағы пәтерлерді және ауланы аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтарды жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73, 73-1, 73-2, 127, 440, 442, 461 және 669 баптар бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары қабылдануда.
«Тұрмыс» атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында аудан тұрғындарын заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерді жасамауға шақырамыз.

А.Асылбаева,
аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны.

Поделиться ссылкой: