Назым – үздік үштікте

227 Views

Әз-Наурыз мерекесіне орай Жамбыл облысында биыл екінші рет «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен «Үкілі кәмшат» тігіншілер байқауы өтті. Ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді сақтау әрі насихаттау, ұмыт болып бара жатқан құндылықтарымызды дәріптеу мақсатына негізделген шара барысында өз кәсібін жүргізіп отырған жас қыз-келіншектер бір-бірімен тәжірибе алмасты. Аталмыш байқауда аудан намысын Назым Жанбосын қорғады.
Барлығы 8 қатысушы бақ сынаған байқау «Көркіңнен сенің айналдым, еркем», «Өнерлінің өрісі кең» атты екі кезеңнен тұрды. Ережеге сәйкес, әр қатысушы үйінен 3 түрлі бас киім түрін тігіп алып келді. Олардың бірі бүлдіршін қызға, екіншісі бойжеткендерге, үшіншісі ұзатылған қызға арналған. Байқау нәтижесі бойынша таластық Гүлім Балықбаева бірінші орынды жеңіп алса, сарысулық Бибісара Сәруарова екінші орынға, Т. Рысқұлов ауданынан барған жерлесіміз Назым Жанбосын үшінші орынға лайық деп табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.  

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: