Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
А.Шынәсілов атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары «Мектеп ауласы» акциясын ұйымдастырып, күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияда мектеп директоры Д.Бұламбаевтың басшылығымен іс- жоспарлар жасалып, көптеген іс шаралар өткізді. Мектеп жұмысшылары Б.Айтқұлов, Р.Азимхан, Б.Қамытбеков, А.Қабылбековтер арық тазалап, тал бұтақтарын кесіп, әктеп, күл қоқыстарды арнайы техникамен жинаса, Қ.Торғаутова, Г.Ақырапбаева, А.Болтаевалар санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды. Акция барысында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, мектептің ауласында «Таза ауланы сақтаймыз» деген тақырыпта флешмоб өткізді. Ал, 8 сынып оқушысы Азамат Амантай «Таза аула» видеоролигін жасап көрсетті. Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері Н.Мұратованың жетекшілігімен тазалық акциясына белсене қатысты. Абаттандыру барысында «Табиғатты аяла» тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында бөлінген жерлерге ұқыпты қарау және ерекше сәнге бөлеу мақсатында роза гүлдер мен талдарды кесу, тазалықты сақтау шаралары ұйымдастырылды.
Мектеп ауласындағы тал- дарақтарды, гүлдерді күтіп, баптау және соның нәтижесінде мектептің көркін жақсарту- басты мақсатымыз деп білеміз.
Г.ШОТАЕВА, А.Шынәсілов атындағы
орта мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.