«Балапанның» бүлдіршіндері жеңімпаз атанды

446 Views

«Балапанның» бүлдіршіндері жеңімпаз атанды

Жақында ауданымызда «Өнерлі балақайлар» атты мектепке дейінгі ұйымдар арасында республикалық байқау өтіп, оған 150-ге жуық бүлдіршіндер қатысты. Әуезді әнмен бірге мың бұрала билеген балабақша тәрбиеленушілерінің өнерлерін қазылар алқасы хореография, көркем сөз, сахнада өзін-өзі ұстауы және киім үлгісіне қарап бағалады. Аталмыш байқауда өзге қатысушылардан дараланып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Балапан» балалар бақшасының тәрбиеленушілері жүлделі I орынды жеңіп алды. Венера Мырзабаева сынды білікті хореографтан дәріс алатын «Балапан» би тобының бүлдіршіндері жеңімпазға әбден лайықты болды. Өйткені, Жанель Есназар, Мерей Жамбыл, Ақтөре Төребек, Айару Төребек, Нұрлан Бердібек, Таңнұр Назарқұл, Айзере Қожайбай, Медина Оңғар және Эльвира Күшбет есімді топ бишілері сахнада образ үйлесімділігін тамаша көрсете білді. Байқау соңында қазылар алқасының мүшелері бүлдіршіндердің өнері жайлы пікір білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдармен бірге бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ә.МАМБЕТОВА,

аудандық кітапхана қызметкері.

Поделиться ссылкой: