296 Views
Жуырда дәл осындай іс-шара №1 мектеп-лицейінің базасында ұйымдастырылып, өткізілді. Мұндағы басты мақсат – жаһандану кезеңіндегі мемлекетіміздің дамуы негізінде мектеп ұстаздарының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін жан-жақты аша түсуге, қоғамға танытуға бағытталған. Дебат турнирінің қорытындысы бойынша «Парасат» командасы, яғни №1 мектеп-лицейінің директоры А.Қыдырова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Ш.Дайрабаева І дәрежелі дипломмен, «Қызыл жебе» командасы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Е.Қайпұлдаев, Қорағаты орта мектебінің директоры Д.Бұламбаев ІІ дәрежелі дипломмен, «Ақиқат» командасы, Бірлес орта мектебінің директоры Б.Қиялбеков, А.Шынәсілов атындағы орта мектептің директоры І.Назарбеков ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар №1 мектеп-лицейінің директоры А.Қыдырова «Үздік спикер» номинациясын, М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Б.Бабасов «Үздік оратор» номинациясын, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры А.Жұмағұлов «Үздік аналитик» номинациясын, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Аманжол «Үздік төреші» номинациясын иеленді.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: