Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысы аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың және аудан прокуратурасының прокуроры Арман Сұлтановтың, комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті. Жиында кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне, кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптарын бұзған субъектілерге қолданылған әкімшілік, қылмыстық, басқа да жауапкершілік шаралары туралы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының есебі тыңдалды. Кезекті отырыста тәртіп және заң бұзу әрекеттері үшін полицияның есебіне алынған, мектепішілік (колледж) есепке алынған кәмелетке толмағандардың, жайсыз отбасылардың, ата-аналар мен заңды өкілдерінің қазіргі жағдайы мен мінез-құлқы туралы мәселе қаралды. Бала қауіпсіздігіне қатысты әр түрлі сұрақтар талқыланып, ұсыныстарды ескере отырып рәсімделген хаттама бақылауға алынды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.