288 Views
Қазір ауданымыздағы барлық білім беру ошақтарында «Жомарт түлек» жобасы аясында кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Ол жөнінде аудандық «Құлан таңы» газетінде ұдайы жазылып жатыр. Малдыбай орта мектебінің ұжымы да аталмыш білім беру ошағында білім алып, осы күні әр түрлі салада қызмет істеп жүрген мектеп түлектерінің қатысуымен мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.
Менің ойымша, «Жомарт түлек» жобасы өте жақсы бастама. Жобаның мақсаты – әр түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектерінің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Мектебімізде өткен іс-шара оқушыларымызға үлкен жігер сыйлады деген ойдамыз. Шараға қатысқан мектеп түлектері де дән риза болып, мектеп ауласына тал екті. Оқушыларымыз ән салып, би биледі. Концерттік сценариий шараның мазмұнын одан сайын түрлендіре түсті. Келген қонақтар да өздерінің балаң шақтағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, мектеп ұжымына құрметтерін көрсетіп, сый-сияпаттарын жасады.
С.Өмірзақова,
Малдыбай орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Малдыбай ауылы.
Поделиться ссылкой: