Сібір жарасы – қауіпті індет
Адам Сібір жарасын (Күйдіргі, түйнеме) ірі және ұсақ қара малдан, көбінесе шошқадан, иттен, мысықтан немесе ауру малдармен қарым-қатынасқа түскенде, сауғанда, күткен кезде, орнын тазалаған кезде жұқтырады. Негізгі жұқтыру – ауру малды сойғанда, бөлшектеп кескенде, терісін шешкенде, етін бөлшектегенде орын алады.
Білу маңызды: ауру малда барлығы жұқпалы. Мүйізінен тұяғына дейін. Яғни еті, сүті, терісі, жүні, қауырсыны, мүйізі және тұяғы.
Сібір жарасының талшықтары немесе спораларының адам ағзасына түскеннен бастап жасырын мерзімі, яғни байқалуы 2-3 күннен 14-15 күнге дейін.
Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызғылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады.Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар ауру малдан алынған азық-түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 күнге дейін созылады, көбіне қоздырғыштың теріге ену қақпасында кішкентай дақ пайда болғаннан кейін 2-3 күн.
Қала тұрғындары заңсыз сауда орындарынан ет сатып алу кезінде (санкцияланбаған), еттің ветеринариялық-санитарлық тексеруден өтпеген кезде, адам денесіне жара бар кезде (адамның шикі етпен жұмыс жасау әсіресе адамның қолында қандайда бір кішкене болсын жара немесе тілік болған уақытта) тез жұқтырып алады.
Егер сіз тексерілген ет сатып алсаңыз да өзге ережеде көрсетілген қағидаттарды назарға алыңыз: үйде етті қолқап арқылы кесіп бөліңіз, ал кесіп бөлуге арналған тақтайды жеке шикі етке ғана арнаңыз. Қолданғаннан кейін ыстық суға, кір сабынмен жуыңыз. Бұл сізді және сіздің отбасыңызды жұқпалардан, соның ішінде асқазан жұқпаларынан қорғайды.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда уақыт өткізбей тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет. Уақытында барып емделу кезінде нәтиже де оң болады. Сібір жарасы өте қауіпті жұқпалар қатарына жататынын естен шығармаңыздар!
Тұрар Рысқұлов ауданының ветеринариялық станциясы.