Шоқ тілді Шона
40 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, әкімшілік кедергілерді азайту, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету тиімділігін арттыру басты міндет болып табылады.
Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Луговой ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға электронды және қағаз түрінде 34 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» бойынша – 32 тұрғын электронды түрде тіркеліп, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша – 2 тұрғын қайырылды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары электронды қызметтерді алу үшін электрондық үкіметтің «egov» порталы арқылы ауыл әкімшілігінің 1 қабатындағы «Цифрландырылған ақпараттық орталықтан» электронды қызметтерді ала алатынын хабарлаймыз.
Т. Атабаев,
Луговой ауылдық округі әкімдігінің
бас маманы.