Ашық есік күні өтті

271 Views

Жақында, яғни 19 сәуірде «Тұрар Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Архивтік анықтамалар беру» тақырыбында ашық есік күні өтті. Аталмыш мекеменің жұмыс жоспарына сәйкес өткен ашық есік күнінің өтуіне «ХҚКО» департаменті Т.Рысқұлов аудандық бөлімінің қызметкерлері де атсалысты.
«Ашық есік» күнін «Т.Рыс­құлов ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры С.Жекебаева сөз сөйлеп ашып, бүгінгі күн талабының негізгі мәселелеріне тоқталып, жалпы шолу жаса­ды. Анықтама үстелінің маманы, архивист А.Базарқұл қатысушыларға «Ашық есік» күнінің басты тақырыбын, мақсатын толық түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 Бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» және осы қағиданың 1- қосымшасына сәйкес архивтік құжаттардың көшірмелерін беру қызметі тікелей мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» немесе «электрондық үкімет» «www.egov/kz» веб порталы арқылы жүзеге асатынын айтты. Сонымен қатар, анықтама үстелінің маманы, архивист Г.Жайлаубаева көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша жиі туындайтын мәселелерге кеңінен тоқталып, «ХҚКО» арқылы, «Электрондық үкімет» www.egov/kz веб порталы арқылы өтініш қабылдау барысында кездесетін кемшіліктер бойынша толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде өткен «Ашық есік» күнінде жеке тұлғаларда сұрақтармен қайырылып, олардың көкейкесті сұрақтары бойынша жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» КММ-сі.

Поделиться ссылкой: