Айару үздіктер қатарынан көрінді
43 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Апта басында облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Жұмыс сапары барысында Абдалы Тоқбергенұлы алдымен «Жамбыл – БТТ» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты.
Содан соң Көкдөнен ауылындағы «Өнер мектебінің» жұмысын көріп, білім ошағын жаңа ғимаратқа ауыстыру мәселесіне құлақ түрді. Сонымен қатар Жақсылық елді мекеніндегі жақында ашылғалы отырған 75 орындық «Нұр-ай» бөбекжай-бақшасының жұмысын көрді.
Жұмыс сапары күрделі жөндеуді қажет ететін Құлан ауылындағы К.Бекебаев атындағы орталық стадионда жалғасын тапты. Қазіргі таңда аталған стадионды қайта жаңғырту мәселелері қарастырылуда.
Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне қарасты «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің», Луговой ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өткен бұрынғы кеден қызметкерлерінің үйі және Абай ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы аясында үй іргесін тиімді пайдаланып, мал шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкердің атқарып отырған жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.