Ардагерлер жарысқа түсті

193 Views

Биыл Ұлы Жеңіске – 78 жыл. Бұдан бөлек, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына – 36 жыл толып отыр.

Осы айтулы даталарға орай, жақында Құлан ауылындағы спорт кешені, яғни бұқаралық іс-шараларды дамыту орталығында ардагерлер арасында аудандық деңгейде жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа әр ауылдық округтен ардагерлер ұйымының төрағалары мен мүшелері қатысты. Жарыс шымылдығын аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов сөз сөйлеп, ашып берді. Содан соң жарыстың көрігі қыза түсті. Асық ату, ләңгі, шахмат, дойбы, үстел теннисі, бильярд және дартс секілді спорт түрлері бойынша өткен жарыс расыменде өте тартысқа толы болды. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға бағалы сыйлықтармен қоса, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының алғыс хаты табыс етілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі төмендегідей:
Асық атудан жүлделі ІІІ орынды Б. Сағынбеков, жүлделі ІІ орынды Н.Смедлаев, жүлделі І орынды Р.Мерқұлов иеленді. Ләңгіден жүлделі ІІІ орынға Б.Бекмұратов, жүлделі ІІ орынға С.Нахимов, жүлделі І орынға Т.Шақбаев ие болды. Шахматтан әйелдер бәсекесінде Б.Иманқұлова мен В.Поршукова тиісінше жүлделі ІІІ және ІІ орындарды өз қанжығаларына жазса, жүлделі І орынды Г.Кемелбаева жеңіп алды. Шахматтан ерлер бәсекесінде жүлделі ІІІ және ІІ орындарды Ә.Мақұлбеков пен О.Қылышбеков иеленсе, жүлделі І орынды Н.Маткерімов өз қанжығасына байлады. Дойбыдан әйелдер арасында Б.Иманқұлова мен С.Базарқұлова жүлделі ІІІ және ІІ орындарды өзара бөліссе, С.Әбілдаева осы сында топ жарды. Дойбыдан ерлер арасында Ә.Мақұлбеков пен Қ.Досымбеков жүлделі ІІІ және ІІ орындарға ие болса, жүлделі І орынды Н.Маткерімов жеңіп алды. Үстел теннисінен әйелдер жарысында жүлделі ІІІ орынға С.Әбілдаева, жүлделі ІІ орынға С.Базарқұлова, жүлделі І орынға В.Поршукова ие болды. Дәл осы спорттың ерлер сайысында Б. Бекмұратов жүлделі ІІІ орынды, А.Сүлейменов жүлделі ІІ орынды иеленсе, М.Егембердиев үстел теннисінен чемпион болды.
Бильярдтан Б.Әліпбаев жүлделі ІІІ орынға, Б.Әлпейісов жүлделі ІІ орынға ие болса, С.Қырықбаев бильярд жеңімпазы атанды. Дартстан әйелдер бәсекесінде Г.Кемелбаева мен Б.Иманқұлова жүлделі ІІІ және ІІ орындарды өз қанжығаларына жазса, С.Базарқұлова осы сайыстың жеңімпазы атанды. Дартстан ерлер бәсекесі де қызықты сәттерімен есте қалды. Бұл сында Б.Бекмұратов жүлделі ІІІ орынға, Е.Батырбеков жүлделі ІІ орынға, Р.Мейірқұлов жүлделі І орынға ие болды.

Жолдасбектің Мараты.

Поделиться ссылкой: