Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз

229 Views

Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі екендігі Конституцияда заңдастырылған. Сондықтан да Ана тіліміз – біздің рухани негізіміз.
Қазір тілдің тағдырын шешпесек, келешек ұрпақ тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Сондықтан әрқайсымыз қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолдануына қажетті жағдай жасауға атсалысуымыз қажет.
Ел біртұтас бірігу үшін барлық ұлт мемлекеттік тілде сөйлеуі керек!
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – әр азаматтың парызы. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мерейін көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, аудандық сотта өткізілетін өндірістік кеңестер мен дөңгелек үстелдер және де тағы басқа да іс-шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Газет-журналдар басылымдарына жарияланымға берілетін мақалалардың барлығы мемлекеттік тілде әзірленеді.
Мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін білу, оған құрметпен қарау – әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын.

Ұ.Ақпанова, Тұрар Рысқұлов аудандық
сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: